«ТУҒАН ТІЛІМ-ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ»
№ 26 Жамбыл атындағы мектеп- гимназиясында тіл мерекесіне байланысты түрлі іс- шаралар өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес «Туған тілім- өлшеусіз қазынам, баға жетпес байлығым» атты әдеби сазды кеш болып өтті. Аталған іс- шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестік жетекшілері Ш.Р.Рыскулова, А.Джабекова, Р.Кынатова, сонымен қатар пән мұғалімдері атсалысты. Оқушылар тарапынан тіл туралы әдеби монтаж, баяндама жасалып, күй тартылып, ән шырқалды.