05
май
2023
«ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар 02-05 мамыр аралығында жоспарға сай атқарылды. Сыныптар арасында тақырыпқа сай ерлік сабақтары мен әскери спорттық сайыстар өтіліп, Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтаулар ұйымдастырылды. Мерекелік кеште отанға деген патриоттық әндер шырқалды.
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек.
Сонымен бірге «Ұранды елдің- ұрпағы қайсар!», «Мен, Отан қорғаушымын!» тақырыбында ерлік сабақтары өткізілді.
Даңқ мемориалында ұйымдастырылған ерлік сабағында Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екендігін, Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеуге елін қорғай білуге тәрбиелеу туралы айтылып өтті.