24
октябрь
2023
«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында Ұлттық мереке 25 қазан - «Республика күніне» орай «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік шарада мектеп-гимназия директоры Г.Ж.Кайкенова құттықтау сөз сөйлеп, айтулы мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Мерекелік шарада өнерлі мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашып би билеп, сахналық көріністер қойып патриоттық әндерден шырқады.
Сонымен бірге тақырыпқа сай тәрбие сағаттары өтіліп, мектеп кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан ұлттық мереке «Республика күні» құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел бірлігі мен тұтастығы сақталып, бай-қуатты бола берейік!








