21
октябрь
2023
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ»
Республика күні қарсаңында №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиянда «Күз Ханшайымы» арулар байқауы болып өтті.
«Алтын күз» мерекелік жоспары аясында ұйымдастырылған бұл байқауда 5 сынып оқушылары өзара бақ сынасты.
Сайыс 4 кезең бойынша өтіп, кішкентай арулар өздерін таныстырып, ән мен билерін билеп, қол өнер, сән үлгісін көрсетіп көрермендерді тәнті етті. Сайысқа қатысқан ару қыздар түрлі номинациялармен марапатталып «Күз Ханшайымы-2023» байқауы өз деңгейінде өтті.
«Күз Ханшайымы» байқауына белсене қатысқан оқушыларымыз бен жетекшілеріне алғысымыз шексіз.



