27
октябрь
2023
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ МЕН ҰЛАНБАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 25 қазан «Республика күні» мерекесіне орай мептепшілік «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» өзін - өзі басқару ұйымының көшбасшыларын, «АДАЛ ҰРПАҚ» ұйымының президенттерін ұлықтау, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін қабылдау рәсімі болып өтті.
Мектепшілік сайлау нәтижесімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары таңдаған «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін және фракция көшбасшыларын мектеп әкімшілігі құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді.
Мектеп парламентінің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту болып табылады.
Жамбыл атындағы қара шаңырақтың кішкентай бір бөлшегі – мектеп деген кіші мемлекетіміздің көшбасшыларына сәттілік тілейміз. Еліміздің болашағын ойлайтын білім мен өнерге құштар, елінің тарихын құрметтейтін, қайсар тұлғалардың қадамы құтты болсын!
Өздеріне жүктелген міндеттерді мектеп көшбасшылары абыроймен атқарады деген сенім білдіреміз!!!



