«ДУБЛЕР КҮНІ» керемет әсер сыйлады. » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДУБЛЕР КҮНІ» керемет әсер сыйлады.
04
октябрь
2023

«ДУБЛЕР КҮНІ» керемет әсер сыйлады.

   ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының арнайы бастамасымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында Ұстаздар күніне орай «Дублер күні» өтілді. Басты мақсат - мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының қызметін жандандыру, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту. 
   Мектеп Парламент мүшелері дублёр күні жоспарын мектеп директорымен талқылап, іс-шараға жауапкершілікпен қарап ат салысты. Өзін-өзі басқару күні оқушылар директорды, директордың оқу және әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын, сонымен қатар пән мұғалімдерін алмастырып сабақ өтіп, белсенділік танытты. Сол күнгі жауапты мамандар мектептің оқу мен тәрбие процесті қадағалап отырды.
Әрбір атқарылған жұмыстарына жауапкершілік танытты. 
    Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар «Дублер күні» алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті. 
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызыққа толы күн болды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив