«ТУҒАН ТІЛІМ-ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ» » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТУҒАН ТІЛІМ-ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ»
28
сентябрь
2023

«ТУҒАН ТІЛІМ-ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ»

№ 26 Жамбыл атындағы мектеп- гимназиясында тіл мерекесіне байланысты түрлі іс- шаралар өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес «Туған тілім- өлшеусіз қазынам, баға жетпес байлығым»  атты әдеби сазды кеш болып өтті. Аталған іс- шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестік жетекшілері Ш.Р.Рыскулова, А.Джабекова, Р.Кынатова, сонымен қатар пән мұғалімдері атсалысты. Оқушылар тарапынан  тіл туралы әдеби монтаж, баяндама жасалып, күй тартылып, ән шырқалды.  Кештің тәрбиелік мәні ерекше болды. 
  25.09 2023ж. күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі пән мұғалімі Ш.Р.Рыскулованың ұйымдастыруымен 10 «А» сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарына талдау жасап, ұнатқан кейіпкерлері жайында сыр шертті, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті, өз ойларын ортаға салды.  Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын оятуда, таным көкжиегін кеңейтуге дөңгелек үстелдің әсері мол болды.
   26.09.2023 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Ш.Кулзахова және Г.З.Бейсенова 5 «Ә», 9 «Б» сынып оқушыларымен, қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары сыршыл ақын М.Жұмабаев пен С.Торайғыровтың 130 жылдықтарына арналған танымдық сабақтар өтті. Оқушылар М.Жұмабаев пен С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығы жөнінде тың мәліметтермен бөлісті. 
   27.09.2023 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Кульбаева 6 сыныптар арасында «Тілім менің мақтанышым» тақырыбында сайыс сабағын ұйымдастырды. Алты кезеңнен тұратын сайыс сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен сауаттылық деңгейін, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын, тапқырлығын анықтау болды. Сабақ жоспарға сай өтті. 
   Танымдық сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, оң бағаларын берді. Аталған іс- шаралардың оқушыларға берер әсері ерекше болды. 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив