20
октябрь
2023
«АЛТЫН КҮЗ-2023»
Республика күні қарсаңында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды.
«ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ҰРПАҚ» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл көрменің мақсаты оқушылардың күз туралы білімін, көзқарасын қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістердің адам организміне пайдасын түсіндіру. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Күз кереметін шығармашылық жұмыстарына арқау еткен оқушылар тақырыпқа сай жұмыстарын дайындап көрмеге қойды.
Байқауда бастауыш сынып мұғалімдері жақсы белсенділік таныта білді.
Мектеп әкімшілігі бастаған қазылар алқасының шешімімен күз өнімдерінің композиясын жасау бойынша бас жүлде 1 «Ә» сынып оқушыларына бұйырса, жүлделі І орынды 4 «Ә» сынып оқушылары алды және ІІ-ІІІ орындарды 3 «Б», 3 «В», 4 «В» сынып оқушылары өзара бөлісті.





