19
сентябрь
2023
«ИМАНДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ ТІРЕГІ»
№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында кәмілетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықпен керағар діни ағымдар мен секталардың әл-әрекеттердіне қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды.
«Имандылық- адамгершілік пен ізгіліктің тірегі» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Тұран ауданының АПБ бас инспектор маманы Р.Досан, Тұран ауданының әлеуметтік қорғау статист маманы М.Сахов, жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Г.Қ.Құдайберген, Шымкент қаласы Дін істер басқармасы КММ дін мәселесі зерттеу орталығының теолог маманы С.Бекеулов және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК психолог маманы Р.Баймурынова келді.
Кездесу барысында Тұран ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы М.Сахов, Дін істер басқармасынан С.Бекеулов және Психикалық денсаулық орталығының маманы Н.К.Тулебаева қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан құқық бұзушылық пен зорлық -зомбылықтың алдын-алу және оларды болдырмау мақсатында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



