25
сентябрь
2023
ДЕБАТ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ НЕГЕ ӨРШІП ТҰР?
«Мейірім - жүректен» атты айлық іс -шара жоспарына сәйкес 8-10 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық неге өршіп тұр», «Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы мемлекетті көрсетеді», «Ең үздік фильмді атайды», «Тоқырауға ең басты себеп, Жемқорлық» т/б тақырыптарында дебат пікір сайысы өтті.
Дебат пікірталас сайысына «Эксклюзив», НСДАП, «A.S», «Dostar», «Абсолют», «M&М», «ТESLA» және «Интеллект» фракциялары өзара бақ сынасты. Ойын барысында бүгінгі өзекті тақырыпты талқыға салып, қатысушы форумның ойларымен бөлісті!
Тартысты өткен ойындардан «Абсолют», «A.S» және НСДАП фракциялары жақсы нәтежие көрсетіп І-ІІ және ІІІ орындарды иемденді.
Сонымен бірге ойын барысында өз талантымен көпшілікті тәнті еткен дебатшылар «Үздік Көшбасшы», «Үздік Спикер»,«Үздік оратор» номинацияларымен марапатталды.

