11
сентябрь
2023
«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «ӨР ТАЛАПТЫ, ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛАН» жобасы аясында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өткізілді. Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Б.Канаев бастауыш сынып оқушыларына «Абайлаңыз, балалар!» акциясы барысында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» тақырыбында жолдағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін түсіндіру болып табылады.
Сонымен бірге балалардың жол ережесі белгілерін есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында, «Жол ережесін білейік- аман есен жүрейік!» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтіліп, балалар жол қауіпсіздігі туралы білімдерін толықтырды.





