07
сентябрь
2023
«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»
Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына орай 06.09.2023 ж. күні. «Мейірімділік жүректен» атты жаңа форматта ұйымдастырылған жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде
1. 2022-2023 оқу жылының жетістіктері.
2.2023-2024 жаңа оқу жылының ерекшеліктері, мақсат және міндеттері.
3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі. Бірыңғай мектеп формасы.(ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 ж. күнгі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы №26 бұйрығы)
4.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
5.Оқушылар қауіпсіздігін сақтау, құқықбұзушылыққа жол бермеу.
6.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
7.Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері.
8.Әр түрлі мәселелер.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.
Мектеп-гимназия директоры Кайкенова Гулсара Жумаділлақызы жиналысты ашып, 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды.
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.




