«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Театр және Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер әлемі» сахналық қойылым бойынша бастауыш сыныптар арасында, байқау ұйымдастырылды. Мақсат: Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберліктерін арттыру. «Ертегілер әлемі» тақырыбындағы бұл ұйымдастырылған байқауда, әр сынып бір ертегі кітап оқып, оқыған кітаптары бойынша сахналық қойылым көрсетті.