08
декабрь
2022
«ҮЗДІК ТУ ҰСТАУШЫЛАР МЕН БАРАБАНШЫЛАР» байқауы



Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар сарайында ұйымдастырылған қалалық «Үздік ту ұстаушылар мен барабаншылар» байқауына қатысып жақсы нәтежие көрсете білді. Байқау, оқушылардың ту ұстаушылары мен барабаншылардың ту ұстап жүру, барабандарды біркелкі бірдей етіп соғуы, оқушылардың киімдері мен өздерін жинақы тік ұстауы бойынша өтілді. Байқау қорытындысы бойынша №26 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған рәміздік топ ІІІ орынды иеленіп жеңімпаз аттанды.
Мектептің рәміздік топтарын жоғары деңгейде дайындағаны үшін мектеп әкімшілігі аға тәлімгер А.Джасеноваға алғыс білдірді!
Оқушыларымызға сәттілік тілеп, биіктен көріне беруіне тілектеспіз!!!