«ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»
17
сентябрь
2022

«ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында тәрбие орынбасарларының жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып ұл балдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста МДТІЖО Н.Т. Байдаулетов мектептің ішкі тәріп ережесіндегі оқушылардың міндеттерін және мектепке алып келуге тыйым салынған заттар тізбесімен оқушыларды таныстырып осы ережені бұзбауды атап көрсетті.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Б.Канаев жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түрлерімен таныстырып өтті. Оқушыларға аутодеструктивті мінез—құлықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, нашақорлықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың және жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Жиын соңында мектептегі ұлдар арасынан төраға сайланып, жоспармен таныстырылды.

Сонымен қатар оқушылар арасында анонимді сауалнамалар алынып, тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив