«ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ-ТҰҒЫРЛЫ ҰРПАҚҚА МҰРА» » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ-ТҰҒЫРЛЫ ҰРПАҚҚА МҰРА»
28
октябрь
2022

«ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ-ТҰҒЫРЛЫ ҰРПАҚҚА МҰРА»

Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының және Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент және аудан бойынша басқармаларының бірлескен жоспарына сәйкес 28.10.2022 ж. күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен қалалық оқу – әдістемелік семинар болып өтті.

Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, педагогтермен оқушылардың белгіленген өлшем шарттар бойынша дайындығын жақсарту бойынша «Ел қорғаған батырлар ерлігі-тұғырлы ұрпаққа мұра» тақырыбында ұйымдастырылған бұл қалалық семинарда, ашық сабақтар интелектуалды ойындар және тренингктер өткізілді. 

Семинардың ұйымдастыру кезеңі әскери жетекшілердің саптық байқауынан басталып, мектеп акт залында ашылуы салтанатына ту кіргізіледі, әнұран орындалады. 

ҚББ-нің өкілі Б.Нұсқабаев, мектеп-гимназия директоры Г.Ж.Кайкенова келген қонақтар мен әскери жетекшілерге жылы лебіздерін білдіріп, семинардың ұйымдастырылу мақсаттарын түсіндіріп өтті. 

Ашық сабақтар шеруі мектеп-гимназия директоры биология пәні мұғалімі Г.Ж.Кайкенованың «Жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек» тақырыбымен бастау алды. Одан әрі АӘТД оқытушы Н.Б.Тілестің «ҚР ҚК басқада әскерлерімен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары», ДБІЖО М.Ақжігітованың «Қысқа мерзімді жоспардың құрлымы», математика пәні мұғалімдері А.А.Кенжебай,

Ш.Жаманқұлова «ХХІ ғасыр көшбасшы», оқуға құштар жобасы аясында мектеп кітапханашысы А.Жарбақұлова мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ділдашбекованың «Мен оқыған бір кітап» тақырыптарымен жоғарғы деңгейде ашық сабақтар өтті. Мектеп психологы А.Саханова келген әскери жетекшілерге тренингтер ұйымдастырып сараптамалар жасады. 

Сонымен бірге ДТІЖО Н.Т.Байдаулетов пен дебат жетекшісі А.Байтемированың «Әскерге бару міндет па?» тақырыбымен ұйымдастырған дебат пікірсайыс алаңыда оқушылар қазіргі жастар арасындағы ең өзекті мәселені қозғай білді. Дебат пікірсайысына ҚББ өкілі Г.А.Сүлейменова, Абай ауданы бойынша дебат клубтарының кураторлары Е.Дөненбай, Т.Расшынбеков шақыртылды. 

Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, аталған ұсыным қабылданды. Семинар қорытындысымен шығармашыл педагогтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Семинар жұмысы мағыналы, мәнді, мазмұнды өтті. Игі істер жалғасын таппақ.










Похожие публикации:

04 декабрь 2021 «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив