«ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР» » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР»
28
сентябрь
2022

«ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 1 қазан - қартар күніне арналған «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Мерекелік шара барысында "Театр сабақтары" жобасы аясында 7 "В" -сынып оқушылары "Ананы қадірлейік" атты сахналастырылған қойылым көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шараға ақсақалдар мен ақ жаулықты аналары қатысып, өздерінің ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді. Алтыбаев Данабек атамыз ,ата-аналар комитетінің төрайымы Абдрахимова Күлбара Әлімқызы, әжелер ұйымының мүшелері әрі әншілері Мейірбекова Ғалия, Тыныстанова Багила апаларымыз қонақ болып келді.

Іс-шараның мақсаты - болашак ұрпақты аталы сөздерге құлақ асуға тәрбиелеу.

Бабаларымыз айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру болып табылады. 

Мектептің әрбір бөлмесін 

Мол қуаныш кернесін. 

Оқушылар ер жетіп 

Білімге құлаш сермесін!- деп батасын берген қарияларымыз аман болсын. «ҚАЗАҚСТАН» деп аталатын алып елдің болашағы болған жастарды тәрбиелеуде қанатымыз талмасын!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив