13
сентябрь
2022
«ТУҒАН ТІЛІМ- ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ»
«ТУҒАН ТІЛІМ- ӨЛШЕУСІЗ ҚАЗЫНАМ»
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі»- деп ұлт ұстазы, Алаш қайраткері А.Байтұрсынов айтып кеткендей, тіл -халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазынамыз, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында № 26 Жамбыл атындағы мектеп- гимназиясында 13.09. 2022 ж. «Туған тілім- өлшеусіз қазынам, баға жетпес байлығым» тақырыбында әдеби кеш жоғары деңгейде өтті.
Іс- шара барысында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде әдеби монтажды нақышына келтіре орындап, сахналық көріністерді көркем сомдап берді. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін, аудармаларын, нақыл сөздерін, мысал өлеңдерін жатқа нақышына келтіріп орындады. № 26 мектеп оқушылары өз өнерлерімен жұртты тамсандырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестіктік жетекшісі Ш.Р. Рыскулова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Абдибекова, А.Құлзахова, Г.Бейсенова, орыс тілі пәнінің бірлестіктік жетекшісі А. Жабекова, орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Баетова әдеби кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде аталған іс- шараның берер тағылымы мол болды.


