03
май
2023
«ГАЛСТУКСЫЗ БІР САҒАТ» айдары
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында «МЕЙІРІМ-ЖҮРЕКТЕН» айлық жоспарына сәйкес «ГАЛСТУКСЫЗ БІР САҒАТ» айдары аясында мектеп оқушыларымен тамаша кездесу ұйымдастырылды.
Кеш қонағы болып ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл шақырылды.
«Қазақ спортының жетістігі- ұлттың мақтанышы» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл кеште мектебіміздің жас спортшылары мен өнерлі жастары өз өнерлерін көрсетті. Кездесу барысында оқушылармен өз елінің патриоты болуға, алға қойған мақсатқа жету үшін адал еңбекпен, талпыныс қажеттігі туралы әңгімелер жүргізілді.
Мектеп гимназия директоры Қайкенова Гүлсара Жумадуллақызы кеш қонағы Жазира Жаппарқұлға үлкен алғысын білдірді.
Бүгінгі кештің шәкірттер үшін де, мектеп ұстаздары үшін де берер тағылымы мол болды.