«АРДАГЕРЛЕР АСЫЛ ЕРЛЕР» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу. » «N26 Жамбыл атындағы мектеп — гимназия» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)31-80-80
Есепші бөлімі:
+7(7252)31-80-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АРДАГЕРЛЕР АСЫЛ ЕРЛЕР» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.
15
февраль
2023

«АРДАГЕРЛЕР АСЫЛ ЕРЛЕР» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.

 Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 толуына орай, 
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
     Мектеп-гимназия директоры Г.Ж.Кайкенова осы іс-шараны ұйымдастырушы АӘД пән мұғалімі Н.Тілеспен ДТІЖО Н.Байдаулетовке және шараға келген қонақтарға өз алғысын білдіріп кездесуді ашып берді. 
   Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Мендигулов Сүндет және Ходжиев Равшон ағаларымыз шақырылды.
   Ауған жерінде орын алған соғыстың ақиқаты мен қаһарлы күндерін бүгінгі жас буын өкілдерінің білуі шарт. Сол арқылы Ауған соғысы ардагерлерінің қаһармандығынан тәлім алып, бүгінгі егеменді еліміздің тыныштығын сақтау басты міндет.
   Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.
   Кездесу барысында келген қонақтарға арналып патриоттық әндер шырқалып, Ауған соғысы тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив