12
апрель
2023
ШАХМАТ ОЙНАУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЧЕЛЕНДЖІ
2023 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министірлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Республикалық Шахмат ойнау челенджіне Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясыдағы мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысыннан және логикалық ойлану, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Мектебімізде шахмат үйірмесіне 120 дан астам оқушылар қатысады, аудандық қалалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген шәкірттеріміз бар. Аттап өтсек Шымкент жастар лигасындағы шахмат жарыстарында мектебіміздің шахмат командасы бірнеше мәрте үздік өнер көрсеткені үшін мадақтамалармен марапатталған.
Сонымен бірге «Дүниежүзілік денсаулық сақтау» күніне орай дене шынықтыру ӘБ мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында спорттық сайыстар мен би үйірмесі оқушыларының қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтау екендігін ұғындыру болып табылады.