14
февраль
2023
«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру - қазіргі күннің басты талабы. Осыған орай, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп–гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат беру мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.С.Альжанова жоғарғы сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқықтық оқу және түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Уәкілетті орган қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір жеке тұлға жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін баса айтты.
Сонымен қатар кездесу барысында пара алушылармен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын жеті түсіндіріп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.