30
апрель
2022
«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН»
Бірінші мамыр мереке,
Қуандырар елімді.
Халықтардың достығы,
Нығайтар азат жерімді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 1-мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбымен керемет іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада елімізде өмір сүретін әр ұлт өкілдерінің әндері мен билері шырқалып мектеп ұстаздары мен оқушыларына тамаша көңіл күйлер сыйлады. 


